Жоғарғы мектеп - Lycée

Орта мектепті (collège) бітіргеннен кейін оқушылар бакалавр, бірінші жоғары білім емтихандарына дайындалу үшін жоғарғы мектепте (lycée) оқуын жалғастыра алады.

2018 жылы бакалавр реформасымен бірге жоғарғы мектепте (lycée) жалпы мәдениеттің жаңа негізі құрылды. Бұл жаңа негіз XXI ғасыр әлемінде жауапты азамат ретінде өмір мен іс-қимыл үшін барлық жоғары сынып оқушыларына қажетті білім беруге бағытталған.
Осы жаңа бағдарламаларда оқушылар өз білімдерін, сондай-ақ біздің заманымыздың ұлы өзгерістерін түсіну жолдарын (экологиялық көшу, биоэтика, жасанды интеллект, Big Data,…) тереңдетеді. Осылайша, жаңа оқу-жаттығулар оқушыларға ортақ мәдениетпен бөлісуге және қазіргі әлемнің негізгі мәселелерін түсінуге мүмкіндік береді.

Жалпы, бір міндетті бағдар жоқ, бірақ әрбір оқушының талғамы мен амбициясына сәйкес таңдаған бағыттары бар.

Осылайша, жоғарғы мектеп (lycée) бірнеше сабақ топтарын ұсынады:

- Болашақ мақсаттар үшін ашық жалпы, гуманистік және ғылыми білім беру.
- Оқушының 10-шы сынпта және соңғы 12-ші сыныпта таңдаған арнайы пәндері (10-шы сыныптағы үш пән, содан соң 12-ші сыныпта екі пән).
- Оқушыға өз жолын аяқтауға мүмкіндік беретін факультативтік оқу-жаттығулар.
- Жоғарғы мектеп оқу кезінде курс таңдауға артынша жоғары білім алу үшін жәрдемдесу, Parcoursup арқылы.

Осыған байланысты біздің мектептің міндеті жоғарғы мектептің (lycée) әрбір оқушысының жетістіктерін қамтамасыз ету және оны жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға дайындау болып табылады. CNED-пен жұмыс жасай отырып біздің оқу бағдарламамыз Францияның Ұлттық білім беру министрлігінің ресми басшылық принциптеріне сәйкес келеді. Біздің оқушыларымыз Франциядағы мемлекеттік мектептерде немесе шетелдегі басқа да француздық жоғарғы мектептерде берілетін программа бойынша окытылады.

Сонымен қатар, біздің оқушыларымыз шет тілдерін үйренуге және басқа мәдениеттер үшін ашықтыққа ықпал ететін айқын халықаралық ортаны пайдаланады.
Бакалавр үшін оқушылар ұсынылған барлық шет тілдерден таңдау жасап оларды CNED арқылы үйрене алады. Ағылшын, орыс және испан тілдерді бойынша оқушылар сол тіл иелерімен жұмыс жасайды.

Оқу күндерінің кестесі (дүйсенбіден жұмаға дейін))

Оқушылар үшін олардың қажеттіліктері мен прогресіне байланысты күнделікті оқу сағат 15: 20-дан 16: 00-ге дейін қарастырылған.