Шарль де Голль-Мирас халықаралық француз мектебі 2011 жылы Оқушылардың ата-анасының қауымдастығын құрайтын ата-аналар бастамасы бойынша құрылды (APEK).
Оқушылардың ата-анасының қауымдастығы - бұл коммерциялық емес Француз құқыққауымдастығы (1901 заң). Оның мәні оқушыларды материалдық және заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Шарль де Голль-Мирас халықаралық француз мектебіне өз баласын жазып алған кез келген ата-анасы АРЕК мүшесі болып табылады. Әр отбасы дауыс беру құқығына ие.
Кезекті жылдық Бас Ассамблеясы кезінде ата-аналар АРЕК басқарма мүшелерінің таңдайды: президентті, вице-президентті, Бас хатшыны және қазынасыны.
Қауымдастық құралдары болып табылады:
- мүшелік жарналар
- бөлінген субсидия лар
- ұсынылған қызметтер үшін жинаған төлемдер
- қайырмалдықтар және инвестициялар
АРЕК оқушылар үшін мектеп жағдайын жақсаруына ықпал етеді. Осы мақсатта олардың дамуы үшін көзделген ұсыныстар тұжырымдайды.
Шынында да, қауымдастық қаржыландырады және мектептер дамытуына белсенді қатысады:
- мұғалімдерімен ынтымақтаса отырып педагогикалық жобаларға қатысу
- мектептен тыс мәдени (тілдік клубтар, ателье) және спорттық (теннис, бадминтон, футбол, пинг-понг) іс-шараларды ұйымдастыру
- мектеп мерекелерің ұйымдастыруға көмек беру (жыл соңы мерекесі, Корольдік галлета, Франкофония мерекесі, мейрамды жәрмеңке...)
- мектеп материалдарды сатып алуына қатысу (кеңсе тауарлары, кітапхана кітаптары, спорт бұйымдары)
- мектеп сапарлардың қаржылық қолдау
Барлық ата-ана, толығында ерікті келгендермен басқарылатын АРЕК-ке белсенді қатысуы мүмкін. Бұл біздің мектептің өміріне және француз, қазақ және халықаралық мәдениеттер арасында байланыстарды орнатылуында, қатысуға тамаша тәсілі!
Бөлісу