Балабақшада тіл үйрену

Сіздің балаңыз сөйлеуді қалай үйренеді ?

- *Ауызша тіл (сөйлеу) балабақшада оқытудың негізі болып табылады.

Бала қалағанын сөйлеу арқылы жеткізеді. Ол күн сайын мұғаліммен және өзінің жолдастарымен қарым-қатынас кезінде жаңа сөздер үйренеді.

- *Жанұядағы екі тілде өсу

Француз тілінен басқа үйде тағы басқа тілде сөйлеу - бұл мектепте француз тілін үйренуге кедергі емес, керісінше пайдасы зор.
Кішкентай бала үшін бір уақытта екі тілді үйрену оңай болады.

Сіздің балаңыз балабақша соңында не білетін болады

Балабақша соңында, сіздің балаңыз :
- *хабарламаны түсініп, және тиісті әрекет ете білетін болады
- *нысанды, адамды, күнделікті өмірдің әрекетін дәл ата білетін болады
- *сипаттама жасап немесе сұрақ қалыптастыруды
- *бастан кешкен эпизод немесе ойлап тапқан оқиға туралы айтуды
- *сұрақтар қою немесе өз көзқарасын білдіруді үйренеді
Осылайша, балабақша сіздің балаңызға тіл үйреніп, толыққанды білім алу арқылы тәуелсіздікке және басқаларға ашылуға ықпал етеді.