Біздің мектеп

Директордың кіріспе сөзі

Астанадағы Шарль де Голль – Мирас халықаралық француз мектебінің сайтына қош келдіңіз.

Біздің мектеп 2011 жылы Шетелдегі француздық білім беру агенттігі (AEFE) және Францияның зайырлы миссиясы (MLF) арасындағы әріптестік шеңберінде ашылды.
Мектеп кіші топтан (Petite Section) 5-сыныпқа (CM2) дейін аккредиттелген, яғни осы деңгейлерде тікелей оқытуды жүргізу құқығы бар. Колледжде және лицейде оқушыларымызға жетекшілік етіп, педагогикалық сүйемелдеу көрсететін оқытушы-тәлімгерлердің қолдауы арқылы CNED бағдарламасы шеңберінде білім беру жүзеге асырылады.

Халықаралық Мирас мектебінің аумағында орналасқан мектебіміз көркемдік және спорттық инфрақұрылымға ие.

Мұғалімдеріміз бен көмекшілеріміз балаларыңызды оқыту үшін өз дағдылары мен күштерің қалай пайдалану керектігін біледі.

Біздің мақсатымыз: барлық оқушыларымыздың Шетелдегі Француз білімінің құндылықтарына сәйкес табысқа жетуі, соның ішінде : толеранттылық, ой еркіндігі, мүмкіндіктер теңдігі, интеллектуалды қызығушылық, сыни көзқарас, қыздар мен ұлдардың теңдігі, көптілділік, азаматтық белсенділік және гуманизм ...

Вероник Аньес-Бродбент , Халықаралық француз мектебінің директоры